Денсаулық сақтау министрінің бұйрығына сәйкес Қазақстан Республикасының 2021 жылғы 24 тамыздағы № ҚР ДСМ-90.
«Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсетуқағидаларын бекіту туралы»
3-тарау. Медициналық-санитариялық алғашқы көмек ұйымдары көрсететін мемлекеттік көрсетілетін қызметтер көрсетуді ұйымдастыру тәртібі
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес МСАК ұйымдарымен мынадай мемлекеттік қызметтер көрсетіледі:
1) дәрігердің қабылдауына жазылу;
2) дәрігерді үйге шақыру;
3) МСАК көрсететін медициналық ұйымнан анықтама беру;
4) МСАК көрсететін медициналық ұйымға бекіту.
Дәрігердің қабылдауына жазылу
Пациент өз бетінше немесе МСАК ұйымына телефон байланысы арқылы жүгінген кезде МСАК мамандары «Дәрігердің қабылдауына алдын ала жазылу» журналына жазба енгізеді және дәрігердің қабылдау кестесіне сәйкес ауызша түрде дәрігердің қабылдау уақыты мен күні көрсетілген жауапты береді.
Пациент ЭҮП арқылы жүгінген кезде пациентке «Жеке кабинетке» электрондық өтінім мәртебесі түрінде хабарлама түседі. «Дәрігердің қабылдауына жазылу» мемлекеттік қызметін көрсетуге сұраныс қабылданғаннан кейін пациентке медициналық көмек белгіленген уақытта көрсетіледі.
МСАК ұйымы Заңның 5-бабының 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес белгілеген тәртіппен мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингі мақсатында ақпараттық жүйеге «Дәрігердің қабылдауына жазылу» мемлекеттік қызмет көрсету туралы деректерді енгізуді қамтамасыз етеді.
Қызмет сілтемесі
Дәрігерді үйге шақыру
Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы мәліметтерді немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін) МСАК ұйымы ЭҮП арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
Пациент МСАК ұйымына өз бетінше немесе телефон байланысы арқылы жүгінген кезде МСАК мамандары «Шақыруларды тіркеу журналына» жазба жасайды және ауызша түрде дәрігердің келу күні мен уақыты көрсетілген жауапты береді. «Дәрігерді үйге шақыру» мемлекеттік қызметін көрсетуге сұраныс қабылданғаннан кейін үйде медициналық көмек белгіленген уақытта көрсетіледі.
Пациент ЭҮП арқылы жүгінген кезде пациентке «Жеке кабинетке» электрондық өтінім мәртебесі түрінде хабарлама түседі. «Дәрігерді үйге шақыру» мемлекеттік қызметін көрсетуге сұраныс қабылданғаннан кейін пациентке медициналық көмек белгіленген уақытта көрсетіледі.
Қызмет сілтемесі
Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымнан анықтама беру
Мемлекеттік қызметін алу үшін пациенттер МСАК ұйымына өз бетінше жүгінеді немесе ЭҮП арқылы жүзеге асырады.
Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы мәліметтерді немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін) МСАК ұйымы ЭҮП арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
Пациент МСАК ұйымына тікелей жүгінген кезде МСАК мамандары медициналық ақпараттық жүйеде пациенттің динамикалық байқаудағы жай-күйі/жағдайы туралы тексеруді жүзеге асырады, содан кейін № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген № 027/е нысаны бойынша әлеуметтік мәні бар ауруларды қоспағанда (туберкулез, адамның иммун тапшылығы вирусынан (АИТВ) туындаған ауру, психикалық, мінез-құлықтың бұзылуы (аурулар)) диагноздың атауын көрсете отырып, «медициналық қорытынды» 5-тармағын толтыра отырып анықтама ресімдейді және учаскелік дәрігердің немесе жалпы практика дәрігерінің жеке қолымен және мөрімен және МСАК ұйымының мөрімен куәландырылады.
Пациент ЭҮП арқылы жүгінген кезде МСАК ұйымының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) электрондық құжат нысанындағы медициналық ұйымнан анықтама қалыптастырылады, ол «Жеке кабинетке» жіберіледі.
МСАК ұйымы Заңның 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес белгілеген тәртіппен мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингі мақсатында ақпараттық жүйеге «Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік қызмет көрсету туралы деректерді енгізуді қамтамасыз етеді.
Қызмет сілтемесі
Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымға бекіту
Тұрақты немесе уақытша тұратын жері бойынша МСАК ұйымына бекіту Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 13 қарашадағы № ҚР ДСМ-194/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21642 болып тіркелген) бекітілген Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарына жеке тұлғаларды бекіту қағидаларына сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызметіне жүзеге асырылады.